AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйге кіріп кетеді": Шымкент тұрғындары қалада жыландардың көбейгеніне алаңдаулы

Шымкент тұрғындары қалада жыландардың көбейгеніне алаңдаушылық білдірді. Сөздерінше, жыландар үйге де кіріп кетеді екен. Тек биылдың өзінде төтенше жағдайлар қызметіне он екі хабарлама келіп түскен. Оның тоғызында құтқарушылар үйден жылан ұстаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

жылан

Қала тұрғыны Алмас Жандәулетов үй жанында жапсарластыра салынған ғимараттан жылан көргенін айтады. Өзін және туыстарын қорғау үшін ол бірден құтқару қызметін шақырған. Сөзінше, күн жылынған сайын жыландар үйге жиі кіріп кетеді екен. 

"Жыл сайын үйге жылан кіреді, көктем бастала салысымен. Салқын жер іздейтін секілді. Өткен жылы құтқарушыларды үш рет шақырдым. Биылдыққа бұл бірінші жағдай", – деді Алмас Жандәулетов. 

Бұл жолы үйден жылан табылмаған. Жедел-құтқару тобының басшысы соңғы екі айда осы секілді 12 хабарламаға барғанын мәлімдеді. Оның тоғызында жылан ұсталған. 

"Жылан табылса, алшақтау жерге кету керек. Бірден құтқарушылар шақырып, шағып алмау үшін шетке тұрыңыз. Ашуландырудың керегі жоқ", – дейді Төтенше жағдайлар бойынша қалалық департамент Жедел-құтқару тобының басшысы Орынбасар Тұрытбаев. 

Ведомстводағылар биыл жыландардың белсенді екенін айтады. Ұсталған жыландардың басым бөлігі адамға қауіп төндірмейді. Дегенмен үй жанында улы жылан да болуы мүмкін. Қолға түскен жыланды елді мекеннен шығарып, бостандыққа жібереді. 2021 жылы барлығы 33 жылан ауланған. 

Биыл жылан шағу дерегі тіркелмеген. Алайда қазір жыландар белсенді болады. Ал жылан шағудан гипертониялық ауруы бар, қант диабетіне шалдыққан адамдар мен балалар зардап шегеді екен. 

"Алдымен жылан шаққан орын ауырады. Кейін шаққан орынның маңы ісіп, гиперемия туындайды. Буын қозғалысы шектеледі", – дейді Қалалық токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов. 

Сонымен қатар дәрігер өткен жылы жылан шағу шағымымен 4 адамның жүгіннені қосып өтті. Биыл олардың саны көп болуы мүмкін екенін жасырмайды. Себебі пандемияға байланысты шектеулер алынып, қала сыртына демалысқа барғысы келетіндер көбейген. Токсиколог пен құтқарушылар тұрғындарға жабық аяқ киім киюге кеңес береді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр