Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайдың даусы жоқ: Керімбекова мен Бегейдің дуэті сынға ұшырады (видео)

Абай Бегей мен Ақбота Керімбекова дуэт жаздырды. Қос өнер иесі “Әлі де ұмытқан жоқпын” әніне түсірген бейнебаянын халыққа ұсынды. Алайда көпшілік жұптың бір-біріне сай келмейтінін айтып, Абай Бегейдің даусын сынға алған, деп жазады Stan.kz.

Абайдың даусы жоқ: Керімбекова мен Бегейдің дуэті сынға ұшырады (видео)

Тыңдармандардың пікірінше, Абай Бегей әннің мазмұнын жетер жеріне дейін жеткізіп орындай алмаған.

“Мейрамбекпен айтқанда керемет болушы еді”, “Ақботаның қасында Абай Бегейдің даусы мүлде шыққан жоқ”, “Жақсы ән, бірақ дуэт келіспейді. Тіпті де жүрекке жеткізіп айту керек мұндай әнді”, “Ақботаның даусы керемет, жүрекке жетеді, өзің ғана айтқанда бұдан да күшті болушы ма еді, Ақбота”, – деп пікір білдірді тыңдармандар.

Әйткенмен көпшілік қыстыгүні қоңыр күзді еске салған бейнебаянның әдемі шыққанын атап өткен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр