Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайдың мерейтойын атап өтуге бөлінген қаржыдан 1,7 миллард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың мерейтойына бөлінген қаражатқа қатысты есеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақарат агенттігі.

Министр онлайн-брифинг барысында 1,7 млрд теңгенің үнемделгенін айтып, аталған қаражаттың бюждетке қайтарылатынын айтты. Бөлінген қаражаттың игерілмеуі тікелей пандемия жағдайына байланысты болды. Шаралардың барлығы онлайн өткізілгендіктен, айтарықтай шығын болмаған.

"Абай Құнанбайұлының мерейтойын атап өтуге бөлінген қаржыдан 1,7 миллард теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды. Себебі карантинге, пандемияға байланысты көптеген шара қысқартылды. Көбіне шетелдік және өзіміздің қонақтар мен құрметті көрермендеріміздің қатысуымен офлайн өту керек шараларды тоқтатып, республикалық бюджетке қайтардық. Олар пандемия кезіндегі шараларға жұмсалды. Бүгінде қалған қаржы Шығыс Қазақстандағы инфрақұрылым, Семейдегі музейді қайта жаңғырту, Абай оқыған мектеп тағы басқа Абаймен байланысты орындарда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл ақшаны инфрақұрылымды жақсартуға, Абай шығармаларын 10 тілге аударып, 10 том қылып шығаруға жұмсалды", - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ онлайн-брифингте.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр