"Абайдың қара сөзін айтып берген жолаушыны тегін жеткіземін": Шымкенттік ерекше челлендж өтті (видео)
Шымкент қаласының тұрғыны Есбол Ордабеков Абай Құнанбаевтың туған күніне орай ерекше челлендж өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкенттік Абайдың қара сөздерінен кем дегенде бір сөзін білетін жолаушыны барар жеріне тегін жеткізетінін айтты. Оған бұл идея TikTok желісін қарап отырған кезде келген. Оның айтуынша әлеуметтік желіде мағынасыз челлендждер жетіп артылады.
"Кеше түнде мен үйде жатып, әлеуметтік желілерді шарлап, мағынасыз челлендждерді көрдім. Сол себепті Ұлы Абай күні өзімнің челленджімді жасауды жөн көрдім. Шымкенттіктерге Абайдың 45 қара сөзінің біреуін айтып берсе тегін жеткізетінімді айттым. Таңертең 17-дей жолаушы болды. Оның 10-ы ғана айтып берді. Статистиканың көп болғанын қалаймын. Себебі Абайдың қара сөздерінде үлкен мағына жатыр", – деді Есбол.
Талқылау