"Абайдан ұят болды": Отыз сегізінші қара сөзге қатысты шындық ашылды

Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталған шығарманың  біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, тек аудармасымен алданып келіппіз, дейді «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ақжол Қалшабек. Осы орайда филология ғылымдарының кандидаты, түпнұсқаға қалай қол жеткізгенін баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  

Абай

«Былайша айтқанда, Мүрсейіт қолжазбасынан бермен қарай Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының түпнұсқасы қазақ оқырманына жетпеген. Тек қазақ тіліндегі тәржімәні місе тұтып, оны түпнұсқаға тең көріп жүре бергенбіз. Яғни, бақырды алтынға балағанбыз.  Абай сонда «Китаб тасдиқ» шығармасын қай тілде жазған? Шағатай тілінде. Яки мұсылман-түрки, яки қадымша, яки китаби тілде. Бәрі бір нәрсе», - дейді Ақжол Қалшабек. 

Қазақтың әдеби тілін түрлендірген Абай тек «Китаб тасдиқ» туындысын осылай өзгеше тілмен жазған. Себебі «Китаб тасдиқ» – көркем шығарма емес, ғылыми еңбек болатын.  Ал, шағатай тілі – бүкіл түрік жұрты мың жыл бойы қолданған ортақ тіл еді. Ғылыми һәм әдеби. Ол өрнекпен кезінде Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Иасауи, Насреддин Рабғузи, Сәйф Сараий, Қадырғали Жайлайырилар жазды. «Китаб тасдиқ» – осы күнге дейін бағы ашылмай келе жатқан туынды.  

«Оның бағы ашылуы үшін ең әуелі оның түпнұсқасы жариялануы керек қой. Түпнұсқа сонау баяғы архив сөрелеріндегі  Мүрсейіт қолжазбасының ішінде  шаң басып, жатып қалды. Содан бері шығарма А.Байтұрсыновтың жаңаша араб әліпбиімен де, кейінгі латын һәм кирилл алфавитімен де жарық жүзіне шыққан жоқ.

Ал, біз оқып жүрген қазақша аударма туындыға өз аты қойылмай, осы күнге дейін «38 қара сөз» деген лақап атпен жүр. Өте ыңғайсыз ұят нәрсе екен. Абайдан ұят, ұрпақтан ұят. Абайдың авторлық құқы әбден аяқ асты болып келіпті. Авторлық құқын даулап, сотқа жүгінетін Абай жоқ. Жә, ашынғаннан айтылып жатқан сөз.  Ештен де кеш жақсы деген», - дейді «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері  Ақжол Қалшабек.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан ашылған «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы осы мәселеге өз үлесін қоспаққа талпынып отыр. Осы жолдар авторы осыдан төрт-бес жыл бұрын өзінің бір талапты шәкіртіне «Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасының лингво-поэтикалық ерекшеліктері» атты дипломдық жұмыс берді.

Ол шәкірттің аты-жөні – Әзімхан Исабек. Әзімхан қазір білдей магистрант. Ол өзінің дипломдық жұмысын сәтті қорғап, осы тақырыпты енді магистрлік диссертация  ретінде зерттеп жүр. Жақында ол белгілі арабтанушы ғалым Абдулла Жолдасбен бірге Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының траснкрипциясын  жасап шықты. 

Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірбаяны >>>

«Жасап шықты деп айтуға ғана оңай. Бір жері өшіп, бір жері көгеріп, сарғайған парақтардан Абайдың әрбір сөзін, әрбір әрпін танып, оқып шығу оңайға түскен жоқ. Онша-мұнша оқылмаған тұстары да бар әзірше. Транскрипция М.Әуезовтің мұражай үйіндегі Мүрсейіт қолжазбасына сүйеніп жасалды (ЛММА. Кипр-1, №351).

Қолжазбаны қолға түсіруге қол ұшын берген мұражай директоры Диар Қонаевқа  айтар алғысымыз шексіз. Алда  атқарылар істер шаш-етектен. Сөйтсе де,  осы бір маңызы елеулі  жаңалықты ел-жұртпен бөлісуді жөн көріп, мәтінді жариялауға беріп отырмыз. Оқырман Абайдың тасада қалған туындысын оқып, рахаттанып, ләззәт алсын деген оймен. Ғасыр қойнауынан аршып алынған Абай атамыздың мұрасын бүгінгі ұрпақ тосырқап, жатырқамай қабылдайды деген үміттеміз.

Кезінде атақты профессор Әуелбек Қоңыратбаев: «Абайдың ең қиын-қыстау ойларының бірі 38-інші қара сөзі. Бұған әзірге ешкімнің тісі батпай жүр» деген еді (Ә.Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология//Фараби және Абай. Ғылым, Алматы, 329 б). Бәлкім осы осы басылым тіс батырудың алғашқы баспалдағы болар», - дейді аға ғылыми қызметкер Ақжол Қалшабек. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2020 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысын арттырады

Дәрігерлердің жалақысы 1 қаңтардан бастап 30 пайызға, ал медбикелер жалақысы 20 пайызға өседі

Министр Аймағамбетов: Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру керек

Көптеген мектеп директорларының жұмыс вакансиясы бос тұр

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды
Çàãðóçêà...