Абай облысының әкімі Берік Уәли сынға қалған орынбасарын қызметінен алып тастады
Абай облысының әкімі Берік Уәли премьер-министр Олжас Бектеновтың өңір басшылығын өрт сөндіру алгоритмін орындамады деп сынағаннан кейін Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковті қызметінен босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi / Дмитрий Гариков
"Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Александрович Гариков қызметінен босатылғанын хабарлаймыз. Өңір басшылығының орман өрттеріне уақытылы әрекет етпегені үшін кеше премьер-министр тарапынан айтылған сыннан кейін осы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.
Мәліметке сәйкес Гариков бұған дейін Курчатов қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар ол екі рет Семей әкімінің орынбасары болған.
2022 жылдың қазан айынан бастап Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
"Өз кезегінде, өңір әкімдігі Гариковты жылыту және су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін қызметінен босатқанын атап өтті. Сонымен бірге Абай облысын қалпына келтіру кезеңіндегі еңбегі үшін алғыс білдірді", – делінген әкімдік хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып журналист тағайындалғанын жазған едік. Бақытжан Омаров 1987 жылы дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "халықаралық қатынастар" және "журналистика" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008 жылы "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасы тілшілер бөлімінің редакторы болып бастаған.