Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысындағы өрттен келген залал көлемі 160 миллиард теңгеге жуықтады

Экология министрлігі Абай облысындағы өрттен келтірілген залалды есептеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

өрт абай

Төтенше жағдайлар министрлігінің, экология министрлігінің қатысуымен жүргізілген қызметтік тергеуде толық залал 165 миллиард теңгеден асқаны анықталды. Өртенген орманның ауданы – 6 миллион текше метр.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын сомасы неге сонша үлкен екенін түсіндірді.

"Шындығында, ол қалай есептелді? 30 миллиард – тікелей залал, өртенген ағаш, техника кіреді, ал шамамен 130 миллиард – орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе төмендеуі. Тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге көлемінде", – деп түсіндірді Нысанбаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 16 Қазан, 2023 14:12
Талқылау