Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысындағы өрт жедел түрде оқшауланды

Абай облысындағы орман өртінің беті қайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен 19:33-те өрт оқшауланды. "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 350 гектар жерді құрайды, оның 150 гектары орман.

“Өрт сөндірушілер мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің ерлігі мен жанқиярлығының арқасында Абай облысында орман өрті оқшаулауланды Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына яғни жоғары ауа температурасы, қатты жел және тығыз өсетін дақылдардың болуы, сондай-ақ батпақты жер болғанына байланысты қиындады”, – делінген хабарламада. 

Бұған дейін Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватынан өрт шыққанын жазған болатынбыз. Кейін төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт орнына барғаны белгілі болды.

 

Талқылау