Абай облысындағы өрт: Тоқаевтың сынына ұшыраған вице-министр отставкаға кетеді
Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қазіргі уақытта оны қызметтен босату туралы келісу рәсімі жүргізіліп жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айының басында қатты орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында Марат Күлдіковтың сөзін үзіп, оның баяндамасын "ақылға қонымсыз және өзекті емес" деп атаған болатын.
Күлдіков бұл қызметті 2020 жылдың қазанынан бері атқарып келеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”