Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 қаза тапты

Видеодан скрин

Абай облысындағы Омбы – Майқапшағай автожолында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 ақпан күні сағат 15:25-те "102" арнасына республикалық маңызы бар автожолда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен. 


Қазақстанда жол апатынан адам қаза болған жағдайда сақтандыру төлемін екі есе арттыру ұсынылды


 

“Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жол апатынан кейінгі дау төбелеске ұласып, бір адам қаза тапқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 19 Ақпан, 2026 22:11