Абай облысында үйінді астынан ерлі-зайыптының денесі табылды

Курчатов қаласында ерлі-зайыптының үйінді астында қалғаны туралы ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген бейнежазба жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Halyqstan Telegram арнасының мәліметінше, 14 наурыз күні құрылысы жүріп жатқан дәмхананың қабырғасының бір бөлігі опырылып түскен.
“Құрылысы жүріп жатқан “Арбат” кафесінің қабырғасының бір бөлігі құлады. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына келіп, қирандылар астынан екі адамның денесін шығарған кезде де дәмханада музыка ойнап тұрған. Адамдарың қаза тапқанынан қарамастан іс-шара тоқтамаған. Абай өңірінің тұрғындары мұны арсыздық деп атады”, – делінген хабарламада.
Абай облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікір білдірді.
“Қазір құрылыс жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады ведомство.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев