Абай облысында түрмеде отырған қылмыстық топ басқа сотталғандардан ақша бопсалаған
Фото: Pixabay.com
Абай облысында түрме қабырғасында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық топ түрмеде отырып, басқа сотталғандардан ақша бопсалаған.
"5 мамырда Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты түрме қабырғасында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды. Сотталғандардан құралған қылмыстық топ басқа сотталғандардан ақша бопсалаған", – деп хабарлады прокуратура.
Құқық қорғаушылар түрмедегі жазаны айыппұлмен және жұмыспен алмастыруды ұсынды
Кісі өлтіргені үшін 40 жылға жуық түрмеде отырған ер адам кінәсіз деп танылып, бостандыққа шықты
Олар физикалық зорлық-зомбылық, психологиялық қысым және қорлау арқылы ақша талап еткен.
Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі анықталды. Оларға ұйымдасқан топ құру, оған жетекшілік ету және оған қатысу, сондай-ақ бопсалау сияқты айыптар тағылды.
Сот сегіз айыпталушыны кінәлі деп тауып, 8 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Тоғызыншы қатысушы қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.

"Әпшу" сұрайды, омырауын береді, шашын алып тастайды": Қазақстандықтар балаларының жеке шекарасының бұзылып жатқанына шағымданды
