Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында су жаңа екі миллионер пайда болды

Абай облысының 2 бірдей тұрғыны күтпеген жерден миллионер атанып, отбасын қуанышқа бөледі. Ол "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясынан 5 миллион және 9 миллион 800 мың теңге ұтып алып, ұтыстарын қайда жұмсайтынын жоспарлар үлгерді.

Бұл ай Абай облысы үшін олжалы болды. Облыстың екі тұрғыны миллионер атанса, бір тұрғын су жаңа iPhone ұтып алды. 

Бір апта бұрын "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясынан 50 мың теңге ұтып алып, отбасына тосын сый жасаған Меруерт Маметекова ұтысынан ақша бөліп, тағы да билет алуды жөн көреді. Сол ұтыс ақшасына алған билеті оны миллионер жасап, Сәтті Жұлдыз ұлттық лотереясынан 5 миллион теңге ұтып алды. Отбасына апта сайын жақсы жаңалық жеткізген ол, жақындарымен ақылдасып, тосыннан келген табысты қалай жұмсайтынын да шешіп қойған.

"Бірінші кезекте бала-шағамызды қуантып соларға сыйлық алып берсек дейміз. Одан кейін өзіміздің азын-аулақ малымыз бар еді. Соның басын көбейтіп, қора-қонысымызды толтырсақ дейміз. Одан кейін аздаған несиеміз бар еді, соны төлеп тастаймыз. Бұл ақша барлығына жетеді деген ойдамын", – дейді Меруерт Мәметекова.

Ерқанат Саякин де "Сәтті Жұлдыз" лотереясына қатысып, бағалы сыйлық алды. Ол сужаңа Iphone маркалы телефонын "Сәтті Жұлдыздың" Семейдегі кеңсесінен барып алып кетті.

Осы аптада Абай облысындағы қуаныш мұнымен аяқталған жоқ. Облыс тұрғыны Әсет Қалиев 9 миллион 800 мың теңге ұтып алды.

"2020 жылдың 11 қыркүйегінен бастап қатысып жүрмін. Үлкен сеніммен үзбей билет алғанымның арқасында мынадай үлкен табысқа кенелдім. 9 миллион 800 мың теңге деген қомақты қаржы ғой", – деді қуанышы қойнына сыймаған Әсет Қалиев.

Сәтті Жұлдыз Ұлттық лотереясының Семей қаласы бойынша менеджері Әсем Шақанованың айтуынша, мұның барлығы жеңіске деген сеніммен құлшыныстың арқасы.

"Біздің Семей қаласында "Сәтті Жұлдыз" лотерея билеттерінің 12 сату орны бар. Ірі сауда орталықтарында орналасқан. Біздің компания  лотереяның екі түрін ұсынады. Тиражды және лезді", – деді жеңімпаздарға сыйлығын табыстап, жерлестерінің жеңіске жеткеніне қуанған "Сәтті Жұлдыз" менеджері.

Сонымен қатар, "Сәтті Жұлдыз" автокөлік сыйлауды жалғастырады. "LOTO 6/49" ЛотоЖиынтық билеттерін алып, Haval H6 автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Және сол сол ЛотоЖиынтықпен 100 миллионнан асқан джекпот ұтып алуға болады. Билеттердің саны неғұрлым көп болса, ұтыс алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. 

Толығырақ "Сәтті Жұлдыз" сайтынан біле аласыз.

Талқылау