Абай облысында Сібір жарасына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді
Дәрігерлер Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылының тұрғынында сібір жарасы бар деп күдіктеніп отыр. Сондықтан елді мекенде төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Науқастың ПТР тестінен өткені, қазіргі уақытта ауру расталмағаны хабарланды. Дегенмен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.
Жетіжар ауылына кіре беріске санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сонымен қатар жағдайдың себептерін анықтау бойынша аудиторлық жұмыстар жүргізілуде.
"Естеріңізге сала кетейік, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Ол ластанған тағамды немесе суды жеу немесе теріні кесу, тырнау арқылы жұғуы мүмкін. Біз ауданның барлық тұрғындарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз", – делінген билік өкілдерінің хабарламасында.