Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысындағы Kaz Minerals шахтасында жұмысшы қаза тапты

Фото: istockphoto.com

Абай облысында Kaz Minerals компаниясына тиесілі шахтада жарылыс жұмыстарынан кейін жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайғылы оқиға Бородулиха ауданында болған, жұмысшының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 наурызға қараған түні шахтада жарылыс жұмыстарынан кейін көмірқышқыл газының мөлшері артқан.

Таңертең екі жұмысшы төменге түсіп, ес-түссіз күйде табылды. Оларға көмек көрсету кезінде учаске бастығы да уланып қалған.

Жұмысшылардың бірі қаза тауып, екі адам ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр, істің мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапқаны туралы жазған едік.

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Наурыз, 2026 20:02