Қазақстандық әйел мемлекетке 61 миллион теңге төлемеу үшін құжаттарды қолдан жасаған
Фото: Тopfranchise.ru
Абай облысында сот шешімін орындаудан жалтарған әйелге қатысты тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үржар ауданының прокуратурасы азаматтық сот шешімін орындаудан қасақана жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Мемлекетке 61 миллион теңге қарызы бар әйел заңсыз әрекеттерге барып, төлемнен жалтаруға тырысқан.
Қадағалау органы таратқан ақпаратқа сәйкес ол жалпы құны 12,5 миллион теңге болатын тұрғын үйі мен ауылшаруашылық техникасын жалған сот құжаттары арқылы үшінші тұлғаларға сатып жіберген. Бұл мәмілелер сот орындаушыларын хабардар етпестен жасалған.
Түскен қаражатты ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Осылайша, сот шешімін орындау тәртібін бұзған.
Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-бөлігі (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) бойынша іс қозғалды. Бұл бап 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Қазақстандық кәсіпкерлер әр смартфонға 4000 теңге төлейді, ал ол ақшаны жеке компания алмақ
Айта кетейік, мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге салық бойынша хабарламалар жібергені туралы хабарлаған едік. Оларға жалпы құны 53 миллиард теңгені төлеуге бір ай уақыт берілгенін мәлімдеді. Осыдан соң желіде салықтан жалтарған блогерлердің тізімі пайда болды.
Еске салайық, бұған дейін Дархан Жолшыбеков тұрып жатқан зәулім үйін тегін беретінін айтқан еді. Желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын үйін курс сатып алғандар арасында ойнатты. Атырау облысы Индер ауданында тұратын 31 жастағы Сапанова Әсемгүл есімді төрт балалы келіншек конкурстың жеңімпазы атанды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қуанып жатса, енді бірі сенбейтінін жасырмады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
