Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында боранда қалған Моңғолияның 13 азаматы құтқарылды

Абай облысында 13 моңғолиялық азаматты эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

14 ақпанда 17:10- да өрт сөндіру бөлімінің 101 пультіне аудандық полиция бөлімінен Қалбатау ауылынан шығарберісте спортшылар отырған шағын автобус тоқтап қалғаны, 13 адамға, оның ішінде 11 балаға жылыту пунктіне автокөлікті алып жүру үшін құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама келіп түскен.

Олардың барлығы Өскемен қаласына бара жатқан Моңғолия Республикасының азаматтары.

Фото: gov.kz

“Оқиға орнына келгеннен кейін Жарма ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Қайрат Тлеугазин және бас маман Дидар Зейнолдин спортшыларды Жаңа Өзен елді мекеніне дейін ертіп, балалар лагеріндегі жылыту пунктіне орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады”, – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетейік, Қазгидромет алдағы күндерге ауа райы болжамын жариялап, 38 градусқа дейін аяз болатынын хабарлаған. Тұрғындарға жолда абай болуды ескертті. 

Талқылау