Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейдің ұлы мен келіні шариғат бойынша неке қидырды

Күні кеше сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Абай Бегейдің ұлы Жалғас Алланың үйінде ақ некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/niyazkulova_erke

Абай Бегей келін түсіргелі жатыр. Жас жұбайлардың қуанышты сәтімен Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке бөлісті.

“Ал мені ресми түрде қайын апа болуыммен құттықтап қойыңыздар. Хайырлы неке болсын. Алланың қалауымен бүгін Жалғаспен Бадинұрдың ақ некелері қиылды. Ал енді біздің отбасымызда дүбірлі той бұйырса. Құттықтап қойсаңыздар болады. Бойдақтарға жұғысты болсын”, – деп жазды әншінің қызы.

Желі қолданушылары қос ғашықты қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

“Алла некклеріне береке бергей”, “Аллам бақтарын ашсын. Бақытты болсын”, “Алла алдындағы ақ некелеріне еш сызат түспесін, жұптары жазылмасын! Бақыт тілеймін”, “Шаңырактары биік, іргесі берік, керегесі кең болсын”, “Бақытты болыңыздар, өте жарасымды жұп”, “Алла екі жастың арасына сүйіспеншілік пен мейірім орнатып, бір-біріне деген сезімін суытпасын”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегей ұлының үйленетінін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Кейін құдалар “тәтті шайда” бас қосты.

 

Талқылау