Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей атақ алғанын көре алмайтындар жайлы айтты

Әнші Абай Бегей бірер жыл бұрын "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталған еді. Сондай-ақ өнер иесіне "Қазақстанның құрметті азаматы" мәртебесі берілген. Абай Бегей алған атақтарын көре алмайтындар жайлы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әншінің айтуынша, мемлекет тарапынан берілген бұл атақтар шабыт бергенімен, арқалататын жауапкершілігі мол. 

"Жақсы да, жаман да жағы бар. Көре алмайтындар бар, оны айтқым да келмейді. Instagram-да жазғыштар бар, жүрегіме жақын қабылдап қаламын. Оқымаймын, кейде көріп, өшіріп тастаймын", – деп бөлісті Бегей.

Бұдан өзге, әнші өміріндегі жаңалықтарымен бөлісті. Ол карантин басталған шақта үй салып бастағанын, құрылыстың жақында аяқталатынын хабарлады.

"Ақтауда тұрмысқа шыққан қызым жиен немереме той бергелі жатыр. Үлкеніне – сүндет той, кішісі 1 жасқа толуда. Өзімнің қызым да 1 жаста, екеуі қатар", – деді әнші.



Айта кетейік, Абай Бегейдің алғашқы некесінен үш қыз, бір ұлы бар. Алғашқы жұбайы, өкінішке қарай, қайтыс болған. Араға біраз жылдар салып қайта үйленген Абай Бегей бүгінде екінші некесінен бір ұл, бір қыз сүйіп отыр. 

Өнер иесінің тұңғыш атұстары 19 жаста. Instagram оқырмандары әншінің қыздарымен жақсы таныс болғанымен, ұлын сирек байқайды. Оған себеп ер жетіп қалған жігіт көзге түскенді ұнатпайды екен. Бұдан өзге, әнші алғашқы махаббаты жайлы айтты. 

"Ауылда Айнаш деген қыз болды. Қазір Атырауда тұратын шығар", – деді ол. 

Өнер иесі сахнаға шыққанға дейін мұғалім, кейін сауда-саттықпен айналысқанын жеткізді. 

Талқылау