Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Багисов: "Киік - реттеуді қажет етеді"

“Казталов” ЖШС Абай Багисов Батыс Қазақстан облысында ақбөкен егін салып, мал баққан шаруалардың мазасын кетіре бастағанын айтты. 

Багисовтың айтуынша, мұз дәуірінен аман өтіп, талай қырғынды бастан өткерген киік саны бүгінде ел аумағында 1,9 миллион басқа жеткен.

“Бұл есім елде мынадай мәселені тудырып отыр: ақбөкен егін салып, мал баққан шаруалардың мазасын кетіре бастады. Былтырдан бері киік мал жайылымы мен шабындыққа ортақтасып, егінді таптап, шаруалар үлкен шығынға батуда. Биылдың өзінде төрт түлік малға қажетті мал азығын дайындау мүмкін болмады. Жайылым мен шабындықтарды киік таптап, отап тастады. Болашақта шаруашылықтар киікпен қатар дами алмайтыны белгілі болып тұр.  

Осыған байланысты оның санын реттеу мәселесі ортаға шығып отыр. Киіктің санын реттемесе мәселе шешілмейді. Біз жоғарыда отырған азаматтардан ақбөкен санын азайтуға қатысты бір оңтайлы шешім шығарса дейміз. Батыс Қазақстандағы осы мәселе, шаруалардың жанайқайы Үкіметтің құлағына жетеді деген ойдамыз”, – дейді ол.

Талқылау