Абай облысында шахтадағы төтенше жағдайдан кенші мерт болды
Абай ауданындағы Орловская шахтасында тау-кен опырылып, KAZ Minerals қызметкері мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Орловская кенішіндегі тау-кен массасы 19 қыркүйекте опырылып кетті. Салдарынан кәсіпорынның 2 қызметкері зардап шекті.
Кешке қарай зардап шеккендердің бірі алған жарақаттарынан ауруханада мерт болғаны, екіншісі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтқаны белгілі болды.
KAZ Minerals компаниясының ең ірі акционері – Владимир Ким, оған 31,73%. Ал Олег Новачук 7,65% және Владислав Ким 6,82% иелік етеді.
Абай аудандық полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы шахтада жұмысшы тас үйіндісінің астында қалған еді.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді