Абай Бегей 92 жастағы анасына әлі күнге дейін еркелейтінін айтып қалды
Абай Бегей 92 жастағы анасымен селфи жасап, оған әлі күнге дейін еркелейтінін айтты.
Сурет: Абай Бегейдің жеке парақшасынан
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Абай Бегей әлеуметтік желіде тек шығармашылығы туралы жаңалықтарды бөлісіп қоймай, туысқандарының суретін жиі бөлісіп отырады. Әсіресе, есейіп келе жатқан ұл-қыздарының. Бұл жолы ол егде жастағы анасымен селфи жасады.
“92 жастағы анамызбен әңгімелесіп, біраз еркеледім. Суретке түсіріп өзіне көрсетсем, мәз болады. “Тез шығардың ғой” деп айтады. Сіздерге де анамыздың жасын берсін”, – дейді Абай Бегей.
Желі қолданушылары өз кезектерінде әншіге қызыға қарайтындарын жеткізіп, жүрек жарды тілектерін арнады.
Жіберіп алмаңыз:
KeshYou әншісі 500 мың теңгелік иіссуды көрсетіп жұртты таңқалдырды (фото)
Дана Кентай: Түркістанда қыздарға жігіттерге бірінші қоңырау шалуға тыйым салады
Әли Оқапов марқұм Linkin Park әншісі туралы естелігін бөлісті
Қызымен әзілдесіп ойнаған Асхат Тарғын жұртты күлдірді (видео)