Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күйеубалам қойша бауыздап тастаған – Алматыдағы театрдың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан актрисаның ағасы

Гауhар Шарипова өлімі туралыФото: Ашық дереккөз

Алматыдағы театрдың бірінде күйеуінің қолынан қаза тапқан актриса Гауhар Шарипованың ағасы қарындасының өлімі туралы деректі бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марқұм актрисаның ағасы, заңгердің журналист Асқарбек Қазанғапқа берген сұхбаты әлеуметтік желіде жарияланды.

Оның айтуынша, туған қарындасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған.

“Бұл осыдан 10 жыл бұрын болған жағдай. Қарындасым ол кезде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса еді”, – деді ол.

Заңгердің сөзінше, күйеубаласы өте қызғаншақ болған, салдарынан қарындасын ұзақ уақыт бойы сабап келген. Ол қарындасына көмектескісі келгенімен, актриса бұл туралы ешкімге тіс жармаған.

“Өзімнің күйеубалам Мұхит қызғаншақ еді. Сол қызғаныштың кесірінен үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасым жасыратын, бірақ сезетінмін, себебі күйеуі көк ала қойдай қылып ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін, бірақ өзім сезіп, бірнеше мәрте күйеубаламмен де, қарындасыммен де сөйлескенмін. Бірақ екеуі де жасыратын”, – деді ол.

Ол қарындасының ұят дегенге сүйеніп, ата-анам, көршілер, ұжым естімесін деп жылдар бойы таяқ жеп жүргенін айтады.

“Өзі барып, күйеубаламның үстінен арыз жаздым. Бірақ екеуі өзара келісіп, мәселені шешіп алды. Тура бір айдан кейін жағдай қайталанып, қарындасымды театрдың кішкентай бір бөлмесінде қарындасымды бауыздап тастады. Қарындасымды өзім таптым, бөлменің едені толық қан. Сонда туған қарындасымды күйеубалам қойша бауыздап тастаған”, – деді ол. 

Еске салайық, 2025 жылғы маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған.

27 қарашада сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді. 

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 08 Желтоқсан, 2025 16:58