Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыстан кейінгі керемет демалыс": "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерге хоккеймен шұғылдануға мүмкіндік жасауда

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургтері хоккеймен шұғылданып, әуесқой командалар құра бастады. Бұл спорт түрімен айналысуға қолдау көрсеткен кәсіпорын осымен ондаған жыл қатарынан қызметкерлерге Теміртау мұз спорт сарайына тегін бару мүмкіндігін берген.

"АрселорМиттал Теміртау" мен Теміртау мұз сарайы арасындағы ынтымақтастық 1998 жылы бастау алған. Басты мақсат қызметкерлердің спортпен айналысып, денсаулығын нығайтуға қолдау көрсету.

Компанияның демеушілігінің арқасында Теміртау мұз айдыны спорт сарайы күрделі жөндеуден өтті. Атап айтқанда мұнда тоңазытқыш қондырғылар, мұз машиналары ауыстырылып, жаңа тақталар, жарықтандыру, табло және бейнеэкран орнатылды. Одан бөлек желдету жүйесі мен дыбыстық хабарландыру да қойылды.

“Біздің ынтымақтастығымыз жалғасын табуда. "Жақтау" металлургтер кәсіподағы бекіткен кестесі бар зауыт қызметкерлері құрған әуесқой хоккей командалары мұнда тегін ойнай алады. Одан бөлек компания қызметкерлері рұқсат қағазын көрсету арқылы коньки тебуге кіре алады. Біздің ынтымақтастығымыз денсаулықты нығайтуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге септігін тигізіп қана қоймай, компания қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртібін арттыратынына сенімдімін”, – деді Теміртаудағы Мұз спорт сарайының директоры Александр Давидюк.

Хоккей әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Көптеген металлургтер балалық және жастық шағында хоккеймен айналысқан. Олардың арасында қазір де мұз айдынында жүруді ұнататындар бар. 

“Мен хоккеймен 16 жыл бұрын айналыса бастадым. Мен үшін бұл спорт жұмыс ауысымынан кейін керемет демалыс. Жаттығу арқылы көп энергия аламын. Тіпті өмірімді хоккейсіз елестете алмаймын. Бір жаттығуды өткізіп алсам, бірдеңе жетіспейтіндей сезінемін. Денсаулығымыз бен көңіл-күйіміз үшін барлығын жасап жатқан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы мен "Жақтау" металлургтерінің кәсіподақ ұйымына алғыс айтамын”, - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ №3 прокат зауытының термисті Иван Васковский.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ШПК ауысым бастығы, "Магнитка" командасының ойыншысы Рашид Құттыбаев хоккейге 1968 жылдан бері құмар болған. Ол бірінші сыныбынан бастап хоккейді хоббиіне айналдырған.

“Мен кәсіби ойыншы емеспін, керісінше хоккейге әуес болған, Теміртауда өскен әуесқоймын. "Магнитка" хоккей клубы 1995 жылы құрылған және КМС тресінің сауықтыру тобының мұрагері болып табылады. Осы уақыт ішінде көптеген керемет естеліктер орын алды. "Магнитка" хоккей клубының ойыншысы болғаныма мақтанамын. Командамызда достық атмосфера бар, мен үшін бұл өте маңызды”,- деді Рашид Құттыбаев. 

"Магнитка" хоккей клубының тағы бір ойыншысы Юрий Голмачев "АрселорМиттал Теміртау" еншілес кәсіпорнында күзет бастығы болып жұмыс істеген. Қазір лайықты демалысында болса да спортпен белсенді түрде айналысады.

“Сабақ аптасына төрт рет өтеді. Өз өмірімді хоккейсіз елестете алмаймын. Бірдеңе болып, жаттығуға келе алмай қалсам, көңіл-күйім түсіп кетеді. Тіпті отбасым әлі күнге дейін хоккей ойнайтыныма таң қалды. Ал мен одан бас тарта алмаймын. Мұздағы балықшы секілді мен де осы спорт түріне келдім. Таңғы, түскі, кешкі ас қалай маңызды болса, біз үшін хоккей де соншалықты маңызды”, - деді Юрий Голмачев.

"Магнитка" хоккей клубы дәл кәсіпқой спортшылар секілді жаттығулар, ойындар, жарыстар өткізіліп, басқа қалалардағы матчтарға барады.

“Жұмыстан шаршап шықсам да жаттығуға әркез керемет сезіммен барамын. Себебі одан кейін мен сергектікті сезініп, шаршауым басылып, керісінше қуат аламын. Маған жаттығу да, ойындар мен жарыстарға бару да рахат әкеледі. Дәл осы жерде ұжымдық рух та нығайуда”, – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жылу электр орталығы өндірістік учаскелерінің басшысы Олег Цыганов.

Талқылау