Ақтөбеде ер адамды кафе жанында пышақтап кеткен
3 шілде күні Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылындағы №89 үйдің жанында төбелес болып, ішінде бір ер адамды пышақтап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция патрулі оқиға орнынан пышақ жарақаты бар ер адамды тапқан, бірақ ол ауруханаға жатқызылған кезінде көз жұмды
Марқұм – Хромтау қаласының тұрғыны, 29 жаста еді.
“Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Патрульдік полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн