Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

99 жастағы актриса ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлісті

Американдық актриса және әзіл-сықақшы Бетти Уайт ұзақ өмір сүрудің сыры көтеріңкі көңіл күйде. Бұл туралы KGUN 9 телеарнасының сайты хабарлады.

Бетти Уайт 1922 жылы 17 қаңтарда Иллинойс штатының Оук-Парк қаласында дүниеге келген. Ол жануарлар құқығын қорғаушы ретінде танымал болған және орман шаруашылығы қызметкері болғысы келген, алайда дәл сол уақытта бұл мамандық әйелдерге қолжетімсіз болған. Уайт 88 жаста болғанда, АҚШ Орман қызметі оны құрметті орманшы етіп тағайындады.

2016 жылы актриса ұзақ өмір сүрудің және жас көрінудің құпиясын ашты. Ол мұның бәрі жануарларға деген сүйіспеншілік екенін түсіндірді. 2021 жылдың қаңтарында Уайт өмірді шаттыққа, көтеріңкі көңіл күйге, әзіл-қалжыңға толтыру да өте маңызды екенін айтты.

"Өзіңізді бос ұстаңыз, қатты қам жемеңіз. Басқаларды алдасаңыз да, өзіңізді алдай алмайсыз", - дейді ол.

Актриса өзінің денсаулығы жақсы екенін атап өтті, сондықтан 99 жылдық мерейтойы 98 жасқа қарағанда онша ерекшеленбейтінін жеткізді.

Бұған дейін Калифорниядағы Инглвуд қаласының тұрғыны 70 жылдық мерейтойын купальник киіп фотосессия жасаумен атап өткен еді. Ол уақытта қарт әйел жас болып көрінуінің құпиясы спортқа және дұрыс тамақтануға байланысты екенін түсіндірген.

Талқылау