"950 мың теңге": Самұрық-Қазына" қорының басшысы қызметкерлерінің орташа жалақысы туралы айтты
"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Біздің қорда басқарушы персоналдың орташа жалақысы 950 мың теңге, ал өндірістік персоналдың (қатардағы қызметкерлер – қордың баспасөз қызметі нақтылады) айлығы 400 мың теңге", – деп жауап берді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғановтың айтуынша, жыл басынан бері реформа басталы қор қызметкерлерінің саны 248-ден 124-ке дейін қысқарған.
Сондай-ақ басшылар саны да екі есе, 10-нан беске дейін азайды. Ал тоғыз айдың ішінде жаңадан қызметке 9 адам қабылданған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”