95 көлік соқтығысқан: Ақмола облысында болған ірі жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақмола облысындағы Астана-Щучинск тас жолында болған ірі жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
“3 қаңтарда Астана-Петропавл жолының Жаңаталап кентінің аумағында жүргізушілердің арақашықтық пен жылдамдықты сақтамауы салдарынан 95 автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты "абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "қолданыстағы көлік ережелерін бұзу" баптары бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды”, – делінген полиция хабарламасында.
-
Абай облысында жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті (видео)
-
2025 жылы айыппұлдар, утильдік алым мөлшері мен автокөлікті тіркеу бағасы қаншалықты өседі
Полиция тергеу аясында жол апатының барлық мән-жайы анықталатынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысындағы тас жолда болған ірі жол апатында 95 көлік соқтығысып, он бір адам ауруханаға түскені туралы жазған едік.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
