Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі арулардың сұлулық байқауы өткізіледі

2016 жылдың 12 қарашасы күні Алматыда “Ұлы дала ханшайымы” атты сұлулық пен дарындықтың 1-інші қайырымдылық кеші өтеді.

260300

Фото: ru.sputniknews.kz

Қазақстанда тұңғыш рет өткізілетін байқаудың қатысушылары – тағдырдың түрлі себебімен мүгедектік арбаға таңылған қыз-келіншектер. Олар физикалық тұрғыда мүмкіндіктері шектеулі болғанымен, рухани мүмкіндіктері шексіз, деп жазды “Алматы әйелдер клубы” Facebook-тағы парақшаларына.

“Біз оларға қоғамға сіңісуге, айналадағы адамдардың қолдауын сезінуге, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге қолғабыс еткіміз келеді. Анағұрлым толық ақпаратты қосымша орналастыратын боламыз”, – делінген жазбада.

Бұған дейін АҚШ, Украина, Ресей елдерінде өткізілген конкурстың қазақстандық нұсқасы 4 кезеңнен тұрады. 24 қыркүйек пен 6 қазан аралығында 21-50 жас аралығындағы үміткерлерден өтініштер қабылданады. Кастинг 5-11 қазан аралығында өтеді. 11 қазан мен 11 қараша аралығында қыздармен дайындық жұмыстары жүргізіліп, финалдық сайыс 12 қараша күні “Алматы Тауэрсте” өткізіледі.

Қатысушылармен бапкер, хореограф, стилист, визажист және психологтар жұмыс істейді. Сайыс қорытындысы бойынша қыздар демеушілерден сыйақы алады. Финалда Жәмила Серкебаева, “Яшлык”, “Ринго” топтары өнер көрсетеді деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Бас мүфти қарт әжейге тосынсый жасады (фото)

10 ақтөбелікті діни көзқарасы үшін әскер қатарына алмай қойды

Қазақстанда жасөспірім баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-ана айыппұл төлейді

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Ары мазалаған қазақстандық азамат Аружан Саинға ерекше өтінішпен келді

Назарбаев: Жақсы өмір сүру үшін университетте оқу міндетті емес

Талқылау