Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"930 мың теңге алған": Алматыда жүргізуші куәліктерін сатқан ХҚКО қызметкері ұсталды

Антикор мамандандырылған ХҚКО қызметіне кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: yandex.ru

Антикор мамандандырылған ХҚКО қызметіне кешенді мониторинг жүргізу барысында көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру барысындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтады. 

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды.

Алайда қазір жекелеген азаматтар, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысады.

“Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы №1 мамандандырылған бөлімі басшысының халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол құжаттарды кедергісіз қабылдау және жүргізуші куәліктерін алу үшін автомектеп курсанттарын емтиханға жіберу сылтауымен жергілікті кәсіпкерден 930 мың теңге ақшаны алаяқтық жолмен иемденді деп күдіктеліп отыр”, – делінген агенттік хабарламасында. 


"Ұзабаев рұқсат берді": Алматыда жасөспірім полиция басшысының орынбасары жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат бергенін айтып, ақталған


Агенттіктің мәліметінше, қазір автокөлікті тіркеу бойынша жаңа ақпараттық жүйелер енгізілді. Ол өтінімдерді рәсімдеу және қарау кезінде деректерді түзетуге мүмкіндік бермейді. Өзгерістер енгізу құқығы тек әкімшілік полиция комитетінде.

Агенттіктің ұсынысы бойынша денсаулық сақтау министрлігі биылғы мамыр айының басынан бастап көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама беруді электронды форматқа ауыстырды.

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтихандарды тапсыру процесінде бейнетіркеу енгізілді. Енді бұл процесс қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ емтихандарды қайта тапсыру рәсімдері реттелді. Қайталама әрекеттердің саны 2 реттен артық емес, өтпеген жағдайда 3 айдан кейін, тыйым салынған заттарды пайдаланған кезде 6 айдан кейін емтихан тапсыра алады.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізудің арқасында осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды. Алайда қазір жекелеген азаматтар, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ақшалай сыйақылар үшін мәселелерді шешуге тырысып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы мопедистерге жүргізуші куәлігін алуға және мопедін тіркеуге алты ай уақыт берілгені туралы жазған едік. 

Талқылау