Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

91 жастағы соғыс ардагері 15 жыл бойы отбасына сес көрсетіп келген немересін пышақтап өлтірді

37 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізіп үлгермеген. Оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер ер адамның өлімін белгілеген, – деп хабарлайды Stan.kz.

Ресейдің Воронеж қаласында 91 жастағы Ұлы Отан соғысы ардегері өз немересін өлтіріп тастады. Оған 37 жастағы немересінің дөрекі мінезі себеп болған екен. Ол өз отбасын 15 жыл бойы кемсітіп келген.

Зейнеткердің немересі ішімдікке әуес болып, үнемі үйінде ұрыс шығаратын болған. Қария бірнеше рет полицияға шағымданғанымен, құқық қорғаушылар ер адамға қатысты ешқандай шара қолданбапты.

Бұл жолы кезекті рет қонаққа келген немересі ұрыс шығарып, туыстарына сес көрсете бастаған. Мас болған атасының жанына келіп, қолын сермеген. Осы кезде қарандаш ұштап тұрған зейнеткер немересіне пышақ сұғып алыпты.

Зейнеткер бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрегерлер ар адамның өмірін құтқара алмады.

Қазіргі уақытта тергеушілер соғыс ардагерінің әрекетіне қатысты қай боп бойынша тергеу амалдарын жүргізетінін шешіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қытайда екі тұмсығы бар «сегізаяқты» торай туылды (видео)

4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалады

Қытайлықтар жүздеген тарақанды ұшаққа алып кірмек болды

Дағыстандық оқушының шағымы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Талқылау