91 жастағы ер адам мен 90 жастағы әйел 70 жылдық некеден кейін армандаған тойын өткізді
Фото: TorriPhoto / Shutterstock / Fotodom
АҚШ-тың Хопуэлл қаласында 91 жастағы Гарольд Пью мен 90 жастағы Фрэнсис некелерінің 70 жылдығына орай армандаған тойларын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WTVR-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Гарольд пен Фрэнсис 1950-жылдары мұз айдынында танысқан. Көп ұзамай араларында махаббат оты тұтанып, олар 21 және 20 жасында шаңырақ көтерген. Ол кезде жас жұбайлар тек некелерін тіркеп, ешқандай салтанатты рәсім өткізбеген.
2026 жылы ерлі-зайыптылардың достары мен туыстары оларға нағыз той қажет деп шешіп, салтанатты шараны шіркеуде ұйымдастырды. Фрэнсис пен Гарольд құрбандық үстелінің алдында бір-біріне сүйіспеншілік пен адалдыққа ант берді.
“Осынша жыл өткеннен кейін де мен оны әлі де жақсы көремін, қадірлеймін және ол мен үшін жасағанның бәрін бағалаймын”, – деді Фрэнсис.
Салтанат барысында ерлі-зайыптылардан осындай берік некенің сырын сұрағанда, олар: “Өміріңнің қалған бөлігін бірге өткізетін дұрыс адамды таңдаңыздар. Ал екіншісі, кем емес маңыздысы – Құдайды бірінші орынға қою”, – деп жауап берді.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)