Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

“Ninety one” тобының Қарағанды қаласында өткен концертінде жанкүйерлері топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді. Анығында топтың репертуарындағы «Қайтадан» әнін топтан бұрын орындап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

91919191911

Мұндай жағдай аты әлемге танылған бельгиялық әнші Лара Фабианның концертінде орын алған еді. Концерт барысында әншінің тыңдармандары әйгілі “Je t’aime” әнін Ларадан бұрын орындап кеткен болатын. Мұндайды күтпесе керек-ті, әнші көзіне жас алды. Видеоны көрген әр орындаушы Ларадай болуды армандағаны сөзсіз! Миллиондаған жанкүйері репертуарындағы әнді жатқа айтып тұрса, әнші үшін одан асқан бақыт жоқ шығар, сірә?!

Лара Фабиан мен 91 тобын салыстырғанымыз әбестік болар, әрине. Десе де, миллиондаған болмаса да, әзірге жүздеген тыңдармандарының басын қосып жүрген топты сүйіп тыңдайтын жанкүйерлері көп. Оған дәлел ретінде топтың ресми парақшасында жарияланған мына бір видеоны алсақ болады.

Айтпақшы, естеріңізде болса топтың Қарағандыда жоспарланған алғашқы концерті өтпей қалды. Сондай-ақ, бүгін, яғни 11 қараша күні Ninety one-ның Көкшетауда жоспарланған концерті өтпейтін болды деп те хабар таратылған болатын. Алайда топ мүшелері бүгін көкшетаулық тыңдармандарымен кездесетіндерін мәлім етті.

Жіберіп алмаңыз:

Луина: Мен ашық-шашық киіммен әдейі суретке түсемін

Ринат Зайытов: Ақынды төрт дөңгелекті темірмен өлшейтін дәрежеге жеттік

Карина Абдуллина ұлын Болат Сыздықовтың атына жаздырғанын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы жас жігітпен жүретін 46 жастағы әйелді эфирден қуып шықты

 

Талқылау