Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"900 грамм болып шала туды": Өз жасынан кішкентай көрінетін қыздың анасы көпшіліктен көмек сұрайды

Алтынай Сайлаубаева он тоғыз жаста. Алайда әлемде сирек кездесетін аурумен ауырады. Қазір ол жеті жастағы қыз сияқты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап. 

ана мен қызы

«Төрт баланың анамын. Алтынай тұңғышым. Алтынай 900 грамм болып шала туды. Невропатлог дәрігерлері бізге алғаш физикалық және психикалық жетілмеудің кешігуі деген диагноз қойды. Он жасқа дейін сол диагнозбен жүрдік. Алтынай мүлдем мектеп бағдарламасын алмады. Оны сегіз жасынан бердік. Ол екі жарым жасында жүрді. Алты жасында сөйледі. Бұл әлем бойынша сирек кездеседі. Мұның барлығын мен басынан зерттеп келемін», – дейді Алтынайдың анасы.

Айтуынша, қазіргі кезде қызының есту қабілеті төмендеп бара жатыр. Осыған дейін екі рет ота жасалған.

«Бес жарым айлық болып туылды. Бірақ жеті айлық деп айтамыз. Жиырма жасымда босандым. Қазір жасы 19-да. Алтынай оқи алмайды. Тек ата, әже дегенді оқиды. Бірақ үйде отырып оқыдық. Былтыр аттестат алдық.», – дейді анасы Қарлығаш.

Айтуынша, ол өзі журналист болғанымен де қызының ауруын он тоғыз жыл жасырып келген. Бірақ екі ауыр отаны өткізгеннен кейін анасы қызын шетелге апарып емдеткісі келеді. Сол үшін де көпшіліктен оның еміне қаражат сұрап отыр. 

Талқылау