Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90 жастағы ардагер инстаграмды еркін пайдаланып, жеке блог жүргізеді

Уралда екінші дүниежүзілік соғыстың 90 жастағы ардагері блог жүргізіп, Инстаграмды да еркін қолданады.

fe44d3ac5a9a289984ab90366a8cad31__1440x

Бұл туралы Life.ru хабарлайды.

Бірнеше әлеуметтік желіде аккаунты бар қария жаңалықтар оқып қана қоймай, дәріні де интернет арқылы сатып алады. Владимир Лямин әлемдік желіні бір жыл бұрын ғана игерген. Немерелері планшет сыйлап, қалай пайдалану керектігін көрсеткеннен кейін қария өзі әрі қарай істі дөңгелетіп алып кетіпті. Бастапқы қадамын ВКонтакте желісінен бастаған.

Алғашқыда дайын суреттерді салумен шектелсе, кейін селфи жасап, бейнепікір жазып, тіпті өз блогын да ашып алған.

“Мен жалғыз тұрсам да, жалғыздықты сезінбеймін. Менің қыздарым мен немерелерім басқа қалада тұрады. Біз интернет арқылы көрісіп, сөйлесіп отырамыз. Олар менің не істегенімді бірден біліп отырады”, – дейді ол кісі.

Ал жақында ғана Инстаграм желісіне тіркеліпті. 90 жастағы ардагер тек интернетке қарап отырмай, спортпен де айналысады. Ал қажетті тауарларына интернет арқылы тапсырыс беріп отырады.

Оқи отырыңыз:

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Әзілкеш жігіт әлеуметтік желіде ғана “әдемі” болатын қыздарға ән арнады (видео)

Пойызда билеген жолсерік жігіттің биі қыздарды ғашық етті (видео)

Актриса тым сексуалды болғандықтан оның фильмдерге түсуіне тыйым салынды (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр