"90 жасқа сәл қалғанда": Заттыбек Көпбосынұлының әкесі өмірден өтті
Фото: https://www.instagram.com/zattybek/
Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлының әкесі дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суық хабарды Заттыбек Көпбосынұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Қош бол, әке! Анашыма сәлем айта барыңыз. Бізде бәрі жақсы де. Ең үлкеніміз 63-тен асты де, ең кішкентай шөберең енді 1 жастан асты де. Шүкір де. Біз өсірген ұл-қыздар бәрі бүгін өсті де. Ақымыз болса кешіңіз, әкешім!", – деп жазды ол.
-
"Видеомен кешірім сұрадым": Әзілкеш Есқара әнші Заттыбекті қатты ренжітіп алғанын айтты
-
"Бір тойда үш ат мінгізді": Заттыбек Көпбосынұлы 50 жасын дүркіретіп атап өтті
Өнер иесі марқұм әкесінің денсаулығы соңғы кезде сыр беріп жүргенін айтқан еді.
“Әкемнің есту қабілеті бізден мықты. Бала күніндегі ауыл ақындарының өлеңін әлі күнге дейін жатқа біледі. Бірақ 90 жасқа сәл қалғанда асқар тауым аласарып бара жатыр. Десе де, әлі де әңгімесін айтып ұрпағынын ынтымағын тілеп, аманаттап отыр. Аман жүре тұрыңыз, әкетай”– деп жазған еді әнші.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік