Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

90 жасқа келген Бибігүл Төлегенова жанды дауыста ән шырқады

Кеше ғана 90 жасқа келген Бибігүл Төлегеноваға туған күнінде бірқатар әншілер шапан жапты. Өз туған күнінде әнші жанды дауыста ән айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Төлегеноваға шапанды әнші Тамар Асар өзі жапты. Бұл туралы ол өз желі парақшасында бөлісті.

Артынша бірқатар әншілер Бибігүл Төлегенованы 90 жасымен құттықтады. 

90-ға келсе де әлі тың көрінетін қазақтың бұлбұл дауысты әншісі Бибігүл Төлегенова  әнші іні-сіңлілерінің ортасында жанды дауыста әнін айтып берді.

Ал желі қолданушылары әншіге ұзақ ғұмыр тіледі. «Құтты болсын жүз жасасын Бибігүл апамыз»,  «Құтты болсын! Жүз жасасын. Жолын берсін!» деп жазды. 


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2019 11:26
Талқылау