Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасында жездесі зорлап, кейін туған нағашы атасы қорлаған қыз әділдікке жете алмай жүр

Алматыда тоғыз жасында жездесі зорлаған, кейіннен туған нағашы атасы қорлаған жасөспірім қыз әділдікке  жете алмай жүр.

14_07_2016-rape14

2015 жылы жазылған шағымды тергеушілер екі жыл бойы қараған, деп хабарлайды 31.kz

Ақыры атышулы істі күні кеше жәбірленушілер емес, айыпталушы тараптың пайдасына шешіп, жауып тастады. «Тергеушілер істі бекер тоқтатқан жоқ, мұнда шикілік көп» деген жәбірленуші тарап, шындық іздеп шырылдап жүр.

Айжан Карменованың шырылдап шындық іздеп жүргеніне аттай 2 жыл болды. 9 жасар немересіне жездесі зорлық көрсетті ,- дейді. Яғни немересіне  туған анасының сіңлісінің күйеуі қорлық көрсеткен көрінеді. Бірақ  әжейдің өзі бұл қылмыс жайында, араға бес жыл салып, немересі  қатты сырқаттанғаннан кейін,гинекологқа қаратқан кезде ғана білген. Жайсыз жаңалықты төбесінен жай түскендей қабылдаған Айжан Карменова дереу тиісті мекемелерге арыз жазып, немересін Астанадан арнайы сараптамадан өткізеді. Алайда, сараптама дәлелдеп берсе де, кінәліні жазалау мүмкін болмай келеді.

“Сотқа жете ме деген қағаздардың бәрі жабылып жатыр. Себебін біле алмадым. Өйткені ең ақырғы тергеушісі Сергей естуімше сол кісінің қолында,- деді. Бүгін маған звонить етіп, делоны жабамыз, қолыңызды қойыңыз деді”, – дейді жәбірленушінің әжесі Карменова.

Алайда тергеушінің қол қой дегеніне Айжан көнбеген. Тіпті жүргізілген істі де көрмепті. Түнгі тоғыз жарымда  қоңырау шалып, істің жабылатын жеткізген тергеушінің өзі болса бұл іске қатысты түсінік беруден ат-тонын ала қашты.

Ал, Алматы қаласы ішкі істер департаменті істің екі рет жабылуына басты себеп – тиісті сараптамалдардың дер кезінде жүргізілмеуі және арадан көп уақыттың өтіп кетуінен дейді.

“Ал, баласынан 4 жыл бұрын бас тартқан  анасы, жантүршігерлік істі  5 жыл бойы білсе де,  жасырып келген көрінеді. Қысқасы, балалығымен ерте қоштасқан қыздың тағдыры әзірге тек әжесі мен қорғаушысын ғана алаңдатады”, – дейді  Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

“Cіз бір нәтиже шығарамын деп отырсыз ба осы істен? Осы істен ешқандай нәтиже шығара алмайсыз себебі істі біз жапқалы тұрмыз деп айтты”, – дейді қоғаушы Кәамшат Есмұханбетқызы.

5 жылдан бері арыздарын қанағаттандыра алмаған жәбірленуші тараптың ендігі үміті Елбасыда. Жақын күндері  немересінің зорланғанын дәлелдей алмай жүрген кейуана, арызын арқалап,  Ақордаға аттанбақ.

Тағы да оқыңыз:

Петербор тұрғыны КСРО күйрегелі бері үйінен шықпаған

Алматылықтар құдалыққа уақытынан ерте келген қызылордалықтарды үйлеріне кіргізбей қойған

Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емханасын ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды

Талқылау