9 минут ішінде 12 заң бұзушылық жасаған: Алматыда Land Cruiser жүргізушісі жауапқа тартылды
Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушы 19 жастағы азамат болып шықты.
"Е. есімді азамат, 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол, екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастады.
"Осы сәтті 10 жыл күттім": Тележүргізуші Аида Боранбай әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. Е.азаматының барлық бағыты ізделінді. Тоғыз минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
