Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пойыз жолсерігі 9 айлық қыздың өмірін қалай құтқарғанын айтып берді

9 айлық Фатима Хаизулланы клиникалық өлім жағдайынан құтқарған жолсерік оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

1499394551

 

Бұл туралы “Лада” басылымы хабарлады.

3 шілде күні Алтынай Рамбаева әдеттегідей жұмысқа шықты. Астраханнан Маңғыстауға бет алған жолаушыларға жолсерік болған ол Мақат стансасына дейін барлығы ойдағыдай болды дейді. Аталған стансаға келіп жеткен кезде жолаушылардың бірі купеде сәбидің шетінеп кеткенін хабарлаған.

«Мақаттан өткеннен кейін екінші купедегі әйел жүгіріп келіп сәбидің көз жұмғанын, ал анасының жылап отырғанын хабарлады. Жүгіріп келіп, нәрестенің ес-түссіз жатқанын көрдім. Тыныс алуын, жүрек қағысын тексердім… Бала көк-көмбек болып кеткен. Сосын қызды өзімнің қызметтік бөлмеме алып кетіп, оның қайта тыныс алуы үшін барымды салдым», – дейді Алтынай Рамбаева.

Жолсерік 9 айлық Фатимаға су шашып, арқасы мен құйрығынан қаққан.

«Сол сәтте ештеңеден қорықпадым. Құдды ішімде бір күш пайда болғандай, қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Өзімнің екі қызым бар, сондықтан бұл қыздың өмір сүргенін қатты қаладым. Ал 40 минуттан кейін есін жиған кезде қуаныштан жылап жібердім де: “Өмір сүр, қанеки, өмір сүр”, – деп айқайлай бердім. Содан Құлсары стансасына жеткенше бірнеше жаттығу жасадым. Одан кейін қыз тыныс алып, жылай бастады. Бақытымда шек болған жоқ», – деп бөлісті Алтынай Рамбаева.

Ал Құлсарыға жеткеннен кейін кішкентай Фатима мен оның анасы Арай Жалиева ауруханаға жеткізілді.

Еске сала кетейік, аптап ыстықтан 9 айлық сәбидің пойызда есінен танып, клиникалық өлім жағдайына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда суға кеткен баларды құтқарған ер адам табылмай жатыр

ЭКСПО-ға миллионыншы болып билет алған азамат көрмені тамашалады

Қазақстандық азамат адам өлтіріп, оның денесін шошқаға жем еткен

Донор құтқарды: Астаналық азаматқа жүрек ауыстыру операциясы жасалды

Талқылау