“Істі өз еркімен болды деп жауып тастаған”: Түркістанда туысынан азғындық көрген 15 жастағы қызға қатысты оқиғаның мән-жайы айтылды
Фото: depositphotos.com
Түркістан облысында 71 жастағы туысы азғындық жасады деген 15 жастағы қыз жүкті болып қалып, баланы дүниеге әкелген. Қыздың анасы істі соңына дейін апаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қорлық көрді деген қыз 71 жастағы қариядан жүкті болып қалған. Оны анасы жеті айында бір-ақ біліпті. Сөйтіп, қызды Астанаға алып барып босандырған дейді жұрт. Сөздерінше Қыз ол кезде 10-сыныпта оқып жүрген. Сөйтіп ақпан айында қаршадай қыз ұл туған. Қазір бала 9-айлық.
“Сұмдықты болды деп жауып жіберді. Өз еркімен болған деп. Егер ДНК нәтижесінде бұл дәлілденбесе, Астанаға барамын”, – дейді жәбірленушінің анасы.
Жәбірленушінің ата-анасы істі адвокатқа тапсыратындарын жеткізді.
Қорланған қыздың жақын туысы әрі көршісі екені осыған дейін айтылған еді. Бір рудан шыққан дау болғасын ауылдың өзге тұрғындары бұл іске араласып, пікір білдіре алмайтынын айтты.
Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалдып, тергеу басталды.
“Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттері бойынша жазған арызына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – дейді Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.
Ал білім басқармасы болса жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр дейді.
“Психологиялық қолдау орталығының мамандарықажетті психологиялық көмек көрсетуде. Бұл жағдай Түркістан облысының білім басқармасының және өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауында”, – дейді білім басқармасы.
Сұмдықты естіген ауыл тұрғындары бірауыздан “шалдың отбасы үрім-бұтағымен көшсін” деп бас көтерді. Сөздерінше қарияның “сүйкімсіз әрекеті” бұған дейін де ел аузында тараған.
“Көшулеріңді талап етеміз. Ауылда қалушы болмаңдар. Бұл масқарадан кейін шалды өлімнен басқа ештеңе күтіп тұрған жоқ”, – дейді айғайға басқан ауыл жұрты.
Айта кетейік, жаға ұстатарлық жағдайдан соң оқушы өзіне қол да салмақ болған.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан босанғанын жазғанбыз.

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
