Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"9 айда 9 рет төсек тартып, жатып қалдым": Баян Алагөзова қызы Айсәуленің туған күнінде жазба жариялады

Фото: Жеке парақшадан алынды 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы қызы Айсәулені туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі алғаш ана атанған сәтін есіне алды. Блогер 29 жасқа толды. 

“29 жыл бұрынғы сәттің әр минуты кешегідей есімде. Мен сені асыға күттім. 9 айда 9 рет төсек тартып жатып қалдым. 22 мамыр күні сені кеудеме қойғаны, сенің жылағаның жадымда. Мен алғаш рет ана атандым. Ол кезде менің жасым 22 де еді. Сен сондай ақылды, көз моншақтай жарқырап өстің. Мен сен үшін қымбат дүкеннен киім алып, түрлі шаш қыстырғыш сатып алдым. Оны саған бергенде өзім шексіз бақытқа кенелдім. Сен мен үшін әлі кішкентайсың. Бүгінде сен журналдың мұқабасына шыққандағыдай табысты, сұлу әдемісің. Махаббатым, мақтанышым, бақытым! Әлішердің қасында денің сау болып, әрқашан осындай бақытты бол! Туған күнің құтты болсын, Айсам”, – деп жазды продюсер. 


  • "Ақша төлеуің керек": Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жобасын сынады

  • "Баян ақылды болып тұр": Айсәуле Бақытбек әкесімен кездескен фотосын көрсетті


Еске салайық, продюсер қызы Айсәуледен туған жиендерін танымайтынын айтқан еді. Блогер Айсәуле Бақытбек анасына пранк жасады. Ол отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялады.

Онда блогер анасына: "Достарымыздың кешіне баратын едік, үш баламды қарай тұрыңызшы. Үш жылда бір ақ рет өтініш айтып тұрмын" деді. Алайда Баян Алагөзова жиендеріне қараудан үзілді-кесілді бас тартты. 

“Ата-әжесі қайда?! Бала күтушісі қайда?! Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Мені де танымайды. Жоқ, жоқ, жоқ. Балаларыңа жауапкершілік ала алмаймын”, – деген еді продюсер. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 13:47
Талқылау