Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"8743 адам онлайн көрді": Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойынан қанша пайда тапқаны белгілі болды

Фото: Тікелей эфирден скриншот

Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлының онлайн тойында қанша теңге тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі тойға арнайы платформа арқылы онлайн қатысуды да қарастырған еді. Тіркелу құны 1380 теңге болған.

Ұйымдастырушылар Telegram-ботты іске қосып, төлем жасағандарды жабық арнаға қосып, салтанатты шараны онлайн тамашалауға мүмкіндік берді.

Жабық арнаға 8743 адам жазылды. Нәтижесінде жазылымдардан жиналған жалпы сома 12 миллион 65 мың 340 теңге болды. 

Тікелей эфир барысында қонақтармен, қалыңдық пен күйеубаламен сұхбаттардан бөлек, Сәкен Майғазиевтің қатысуымен алдын ала түсірілген бейнежазбалар да көрсетілді. Маңғыстаудан келген су жаңа құдалар да тікелей эфирде сұхбат берді.



Қоғамда резонанс тудырған Сәкен Майғазиевтің ұлының ақылы онлайн тойына қатысты Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойын тікелей эфирде көргісі келген халықтан ақша жинауына қатысты ойын бөлісті.

“Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек. Шоу бизнес өкілдері осылайша табыс тапса, салық төлеуі керек. Бастысы бізге салық түссе болды. Бәрі бақылауда болады”, – деді вице-министр. 

Еске салайық, Сәкен Майғазиев тойына мобилографтарды кіргізбейтінін айтқан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 12 Маусым, 2025 13:32
Талқылау