87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)
Түркияның Мугла провинциясының Фетхие ауданында 87 жастағы Халиме Акжан үстіндегі киімімен парапланмен ұшты.
Әлеуметтік желілерге тараған суреттерді жарты миллион адам қараған. Денизлиде тұратын зейнеткер әжей өткен жылдың мамыр айында Өлі теңіз жағалауларында параплан ұшқышы болып жұмыс істеп жүрген 43 жастағы немересіне қонаққа келген. Сол кезде әжей парапланда ұшқысы келетінін айтқан. Жүріп-тұруы қиынға түсетін әжесінің бұл қалауына немересі алдымен қарсы шыққан.
Алайда қарт әжей айтқанынан қайтпаған. Кейін немересі әжесінің көңілін қайтармай, әлемге әйгілі параплан орталығы саналатын 1965 метрлік Бабадаг тауының 1700 метрінде орналасқан ұшу-қону жолағына әжесін алып келіп, екеуі парапланмен ұшты. Немересі Өлі теңіз көгінде ұшқан сәттерін бейнекамера жазып алып, 15 күн бұрын әлеуметтік желіге жүктеген. Қысқа уақытта аталған видеоны 500 мың адам көріп, жүздеген адам өз парақшаларында бөліскен.
Тағы да оқыңыз:
Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр
Зайытовтың келіншегі айтыскердің өзі мен балаларына қандай шектеулер қоятынын айтты
Қызылордада “Қайсар” футбол клубының капитаны көршісін аяусыз ұрған