87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты
Академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасауының құпиясымен бөлісті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбекпен кездесуі барысында айтты.
Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.
Академиктің зауытында болған олар бие сүтін өңдеудің бірегей технологиясымен танысты. Кәсіпорында сүттен 30 түрлі өнім дайындалады. Зауытта шығарылатын тауарлар ағзаның жасаруына көмектеседі, қатерлі ісік сияқты ауыр сырқаттармен күресуде берері мол. Биыл Төрегелді Шарманов 87 жасқа толады. Өзінің ұзақ жасау құпиясын ол үнемі бие сүтін пайдаланумен байланыстырады. Сондықтан, қазақстандықтарды күнделікті ас мәзіріне мән беріп, экологиялық таза тағамды пайдалануға шақырды. Айтуынша, бұлардың пайдалы қасиетін бабаларымыз жақсы түсінген.
«Сәби нәр» деп шығардық саумалдың есебінен. Оған витаминдер қосылады, сосын жаңағы транс изамирлер жоқ болған, оған қарама-қайшы ресфиратол деген өте пайдалы. Мысалы, адамның жүрегін, ми айналысын жақсартатын”, – Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
“Елбасымыздың жолдауын жүзеге асыруға еліміздің үлкен ғалымдары да үлесін қосуда. Солардың ішінде есімі бүкіл дүниежүзіне мәлім академик Төрегелді Шарманов ағамыз, жасының егде тартқанына қарамастан, Алматының дәл ортасында әлемдегі бәсекеге қабілетті, нәрлі, пайдалы, экологиялық жағынан таза бие сүтінен жасаған елуге жуық тағамдарды шығарып отыр. Бұл ғалымдардың елбасының жолдауын жүзеге асыруға қосқан нақты үлесі деп білеміз”,- дейді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Талқылау