"84 метр жүрген": Алматыда жүргізушісі жоқ жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
Алматыда жүргізушісі жоқ жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 6 қыркүйек күні №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта өздігімен қозғалған. Автобус ішінде жолаушылар болмаған.
Жүргізуші автобусты Наурызбай батыр көшесімен қиылыстағы арнайы жолаққа тоқтатып, әжетханаға бару үшін шығып кеткен. Бақылауыз қалған автобус артқа жүріп кетіп, бағдаршам жануын күтіп тұрған көліктерге соқтығысқан.
Кейін полиция автобустың өздігімен 84 метр жол жүргенін анықтады. Автобус жолындағы 4 көлікке соқтығысқан. Апат салдарынан көліктердің бірінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”