"Оқушыларды сағынып, көзіме жас келеді": Алматы облысында 82 жастағы әжей оқушыларға онлайн сабақ береді

Әлеуметтік желілердің тілін білетін 82 жастағы әжей заман көшінен қалмауды жөн көрген. Абайды зерттеп, ұлы ақынның еңбектерін оқушыларға таныстырамын деп талмай еңбек етіп жүр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

60 жыл ғұмырын оқушыларға сарп еткен әжей, бүгінде көштен қалмас үшін технологияны да жетік меңгерген. Осының арқасында карантин кезіндегі онлайн дәрістерді де өз деңгейінде өткізіп жүр.

82 жастағы Ақылия Бекбаева - Қарасай ауданындағы мектепте Қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ берген мұғалім. Өз ешқашан ізденуден, зерттеп, оқудан жалықпаған. Қазіргі қысылтаяң уақытта заманауи технологияны да меңгеріп оқушыларына күнделікті дәрісін онлайн түрде оқытып жүр. 

Қыркүйектен бері оқушыларын тек компьютердің сыртынан көріп, межеленген уақыттың ішінде барлығын түсіндіруге тырысатын ұстаз әуел баста талай қызықты жайттарға да тап болғанын жеткізді. Бір түсінгенім, технологиямен жұмыс істеген кезде артық сөздерді тию қажет дейді.

"Мынау технологияны пайдаланып отырғанда бір артық сөз де кетіп қалуы мүмкін. Оны кейін өзің тыңдасаң, ұялып та қаласың кейде. Артық сөз де кетіп қалады ғой. Бұл техниканың аты - техника, бәрі, айтқан сөзің, демалысың жазылып қалады", - дейді қарт ұстаз Ақылия Бекбаева.

Қазіргі уақытта Ақылия әжей 11-сыныптың оқушыларына "Абай тану" курсын өткізеді. Онды ұлы ақынның шығармашылығы мен ғұмыры туралы оқушыларға мейілінше терең түсіндіруге тырысады. Үй тапсырмасын да сұрауды ұмытпайды.

Оқушылардың таным түсінігін арттыру үшін Ақылия ұстаз өз сыныбын «Абай әлемі» деген атпен толықтай жасап шыққан. Мұнда ұлы ақынның ең алғашқы суреттерімен ең алғаш табылған кітаптары да жинақталған. Білім ордасында жұмыс істеп жүрген уақытта ашқан авторлық кабинеті қазір брендке айналған.

Мұнда Абайдың ұрпағынан бастап, жәдігерлері сонымен қатар ұлы ақын туралы жазылған жинақтардың барлы сақтаулы. Жамбыл Жабаевтың Абайға арнап жазған өлеңі де өскелең ұрпаққа өнеге дейді.

Ақылия Бекбаева шәкірттерін Жидебайға дейін апарып, ұлы ақынның туған өлкесімен де таныстырып жүр екен. Мұның барлығы оқушылардың терең білім алыр, өз көзімен көрсін деген ниетте жасадым дейді.

"Ақылия Бекбаевамыз біздің қазіргі білім берудің заманауи трендтеріне көңіл бөле отырып, жетік меңгеріп зум платформасымен, онлайн мектеппен және басқа да қашықтан оқыту технологияларын меңгеріп білімін беріп отыр", - дейді Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры Тұрсын Сабырова.

Осы жасқа дейін құлпырып тың болуымның бір себебі, елдің алғысын алуым шығар деген қарт ұстаз әлі де болса еңбектене беретінін жеткізді. Тіпті, онлайннан қарағанда әрбір оқушыны шынайы көріп, әңгімелескенге не жетсін дейді. Тіпті, оларға деген сағынышын да жасыра алмады.

"Қатты сағындым, әрқайсының көзін көргім келеді, сөзін естігім келеді. Тағы сағынғандығым - сол кейбір сабақта үйде отырғанда көзіңе жас та келеді", - дейді Ақылия Бебаева.

Қарт ұстаз үш бала тәрбиелеп одан сегіз немере, он шөбере көріп отыр. Қазіргі көз қуаныштары да  солар. Ал, саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған әжей келешекте де оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, олардың биіктен көрінуіне септігімді берсем дейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр