Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"800 адамды басқару оңай емес": Сәкен Майғазиев тойға келетін 100 адамды тізімнен алып тастады

Фото: Видеодан скриншот

Сәкен Майғазиев ұлының тойына келетін қонақтарды қысқартып тастағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әншінің сөзінше, әріптестерінің көмекшілері өзіне іні-қарындас екен. Алайда той продюсерінің талабымен мобилограф ертіп келетіндерге өтініш жасауға мәжбүр екенін журналист Анна Данченкоға айтып берді. 

“Той ұйымдастырушыларының талап-тілегі бойынша мобилографтардың ешқайсысын кіргізбейміз деген ой болып тұр. Әрине, әр әншінің әр көмекшісі маған да қымбат, олар да маған іні-қарындас. Бірақ өздерінің талап-тілектері сондай болып тұр. Неге десеңіз, 800 адамды басқару аздай, оның 100-і әнші болса, олар мобилографпен келсе, қиын болып кетеді деп ескерту жасап жатыр. Басқа мобилографтарға, директорларға, әншілердің көмекшілеріне Шарапат өзі той жасап береді", – деді Сәкен Майғазиев.



Еске салайық, өнер иесі ұлының тойын онлайн көрушілерге арнап, ақылы платформа әзірлеген еді. 

“Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды. Тіркелу құны – 1380 теңге”, – деп жазған еді әнші. 

Одан кейін мемлекеттік кірістер комитеті де пікір беріп, өнер иесінің отбасына салық төлеуді міндеттеді.

“Онлайн тойға” қатысу үшін 1380 теңге төлеу – табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет. Егер іс-шараны ұйымдастырушы жеке кәсіпкер (ЖК) немесе заңды тұлға ретінде тіркелсе, ол алынған табысты декларациялап, қолданылатын салық салу режиміне байланысты жеке табыс салығын төлеуге міндетті”, – деді ресми өкіл.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 13:05
Талқылау