80 жастағы модель стереотиптерді бұзды (фото)
Әдетте жоғары деңгейдегі сән көрсетілімдеріне жарты ғасырдан астам өмірлік тәжірибесі бар модельдер қатыспайды. Бірақ 80 жастағы қарт – дизайнерлердің үлкен қателік жіберіп жатқандарының дәлелі.
Бұл туралы huffingtonpost.com басылымы хабарлайды.
Қартаюды жеңу үшін өзін үнемі жаңа нарселерге бағыттауды мақсат еткен Ванг Дешун қытайлық актер әрі әнші. Оның модель ретіндегі мансабы өткен жылы ұйымдастырылған Қытай сән апталағына кездейсоқ келіп қалуынан бастау алады.
The New York Times жазған соңғы мәліметке орай, Дешун күніне үш сағат денесін шынықтырумен айналысады. Ол ертеректе сән көрмелерін ұйымдастырған және жастарды модель болуға үйреткен. Бірақ соңғы жылы сән көрмесінде жасаған дебюті оған танымалдылық алып келді.
DesHe’s басылымы әлеуметтік желілерде оны Қытайдың “ең көрікті қариясы” ретінде көрсетсе, фанаттары оның жасына қарамай модельдік мансабқа жеткені үшін ашық түрде ұнатып отыр. Ол басты рөлде болған “Қайтпас қайсар бол” атты видеосы тамыз айында Youtube желісінде жарияланып, 300 мың рет көріліп үлгерді.
Дешун кез келген саладағы жетістікке жетуінің құпиясы өзінің алдына мақсат қойып, ешқашан берілмеуінде деп түсіндіреді. “Табыс сенің жасыңның емес, ойыңның мүмкіндігінде. Табиғатыңды уақыт жеңеді, бірақ ойыңды өзің жеңесің”, – дейді ол The New York Times тілшісіне.
Жіберіп алмаңыз:
“Мисс Алматы – 2016” байқауында 18 жастағы бойжеткен жеңіске жетті (фото)
Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?
“Қазақ аруы” байқауынан кейін бағы жанған сұлулар
Әлмира Ахатова: Кітап оқымайтын қыз “Қазақ аруы” атануға лайық емес