80 жастағы қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды
Сауд Арабияға қажылық парызын өтеуге ұшып келген 80 жастағы қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды. Қасиетті жерге Ираннан ұшып келе сала, мұсылман өзін жаман сезінген.
Бұл туралы muftyat.kz хабарлайды.
Ирандық Меккедегі әл-Харам мешітінде болғанда оған жедел жәрдем дәрігерлері назар аударып, онда миокард инфаркты деп күдіктеніп оны тез арада ауруханаға жатқызған болатын. Ауруханада оған шұғыл ота жасалады.
Ауқымды инфарктен өлу пайызы өте жоғары әрі оған қажының ұлғайған жасы қосылды, бірақ дәрігерлер оның жанын сақтап қалды. Тіпті ота жасатып шыққан ирандық, өзінің қажылық парызын толықтай өтей алатын болады.
Оқи отырыңыз:
Таиландта құтқарушылар құдайларды жол апатын болдырмауға шақырып, 311 марқұмның рухын ұстап алды
Жоғалып кеткен 74 жастағы қария бір апта бойы шоколадты қорек еткен
Жапонядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді
Қытайда алғаш рет болашақта қайтадан тірілту үшін адам денесі мұздатқышқа қойылды